«АрселорМиттал» басшылығы шахтерлердің қаза болуына қатысты істе тергелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  «АрселорМиталл Теміртау»  компаниясының Саран шахтасында 4 шахтердің өліміне қатысты қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот тыңдауы барысында кәсіпорын басшылығы тергелді. Олар Саран шахтасындағы жер асты рельсті көлігін пайдалануда өздерінің жауапты емес екендіктерін мәлім етті.

Сара қалалық сотының ақпаратына қарағанда, куәгерлерді тергеу жалғасуда. Сотталушылардың қатарында үш адам бар. Олар: «Феррит» дизель тасымалдағышының машинисі Евгений Трофимович, «Феррит» дизель тасымалдағышының машинисі Срегей Мишин және рельсті көлік учаскесінің бастығы Дмитрий Арабаджи.

«Іс бойынша 31 кугер шақырылған. Олардың қатарында Саран шахтасының  лауазымды тұлғалары және «Көмір» әскерилендірілген апаттық құтқару қызметінің құтқарушылары бар», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2016 жылы 10 қарашада, шамамен сағат 14:20-да 7-горизонтта К9 бас конвейерлік еңістің бұрылысында орын алды болды.  Жолаушылар кабинасының проушинасы сынған және ажыраған. Соның салдарынан 12 кенші мінген жолаушылар кабинасы төменге сырғыған. 220 метр еңіске құлдилаған кабина жылдамдығы үдей түседі. Осы кезде жолаушылар кабинасы қабырғаға соғылып, салдарынан үш жұмысшы қазылған жерге құлап түскен. ҚР ИДМ республикалық комиссиясының шешімімен Саран шахтасының директоры Сергей Мустивко және тағы 15 лауазымды тұлға төрт жұмысшының өліміне жауапты деп танылды. ҚР ИДМ Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаевтың басшылығымен комиссия мүшелері 16 адамды айыпты деп тапты. Барлығы қауіпсіздік техникасы бойынша емтихан тапсыруға жіберілді. Іс бойынша үш адам сотқа тартылды, ал өзге жауапты тұлғалар тергеу барысына барынша көмек көрсетіп, әрекеттеріне өкініш білдіргендіктен жауапкершіліктен босатылды.

Соңғы жаңалықтар