АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ: Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсімі қалай өтті

None
None
АСТАНА- ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің салмақ өлшеу рәсімінен фоторепортаж және видеоролик ұсынады.

Айта кетейік, Арнұр Ибраев «ҚазАқпарат» ХАА үшін Лас - Вегастан арнайы хабар жинауда.

Головкиннің де, Альварестің де салмағы 160 фунтты (72,57 килограмм) көрсетті. Кездесу 16 қыркүйек күні (Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңда) Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.

Геннадий Головкин командасының мүшесі Жанар Утешева Фейсбуктегі парақшасында Лас-Вегастың осы жекпе-жекпен тыныстап тұрғандығын жазды.

«Салмақ өлшеу рәсімі өтті. Енді бір күн ғана қалды. Бәрін егжей-тегжейлі жазатын уақыт жоқ, өздеріңіз де барлығын көріп отырсыздар. Бүкіл халықтың айтатыны осы айқас. Біз халықтың назарындамыз», - деді ол.

Жеңіліп көрмеген Головкинге қолдау көрсетуге келген қазақстандық жанкүйерлер де «ҚазАқпараттың» Лас-Вегастағы тілшісімен әсерлерін бөлісті.

Өз кезегінде боксшы да оларға алғысын білдірді. 

«Сіздерге және сіздердің қолдауларыңызға рахмет. Ертең кездескенше. #BigDramaShow», - деп жазды боксшы Инстаграмдағы парақшасында.

Қазақстанда жекпе-жекті «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Айқас Астана уақыты бойынша  08:50-де басталады. 

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар