Арнайы операция: ОҚО-да 12 адам ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында діни алауыздық тудыруға қатысы бар деген күдікпен 12 тұрғын ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер Шымкентте арнайы операция барысында қолға түскен.

«Арнайы операцияны ҰҚК мен облыстық ІІД бірлесіп  жүргізген. Операция кезінде діни алауыздық тудыруға қатысы бар деген күдікпен 12 тұрғын ұсталды. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Арыс, Шардара және Түлкібас аудандарының тұрғындары екені анықталды. Тергеу мәліметінше, ұсталғандар әлеуметтік желілерде экстремистік бағыттағы материалдар таратқан»,- делінген департамент хабарламасында.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Оларға заңмен тыйым салынған материалдар таратуға көмектескен тұлғалар да анықталып жатыр. 





Соңғы жаңалықтар