Арнайы операция барысында ұсталған қырғызстандық депутат Қазақстан азаматы болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы операция барысында ұсталған Қырғыз Жогорку Кенешінің депутаты Қазақстан азаматы болып шықты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда ұсталған Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің депутаты Дәмірбек Асылбек Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы, ұлты қазақ. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін туу туралы куәлігінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатын алған. 2010 жылы бұрынғы құжаттарының қолдану мерзімі өтуіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын қайтадан алған. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өкілетті органдарға өтініш бермеген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр»,- деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын ҚР Бас прокуратурасының өкілдері оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы ауқымды операцияның мән-жайы туралы айтқан болатын. Операция барысында 35 күдікті, атап айтқанда кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Оның ішінде Қырғызстанның үш азаматы бар.

Фото: kabar.kg

Соңғы жаңалықтар