Арменияның сарапшылары Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағалық қызметіне баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереван қаласында Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев Арменияның танымал сарапшылар мен саясаттанушыларымен кездесті. Отырыс кезінде елші еліміз 2018 жылдың басынан бергі атқарған халықаралық іс-шаралардың қорытындыларына тоқталды. Соның ішінде, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы барысындағы бастамалары туралы әңгіме қозғалды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қатысушылар мемлекетіміздің қысқа мерзім арасында өзекті халықаралық мәселелерді шешу кезінде маңызды жетістіктерге жеткендігіне назар аударды. Мәселен, Мемлекет басшысының төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты отырысы мен  Ауғанстан мен Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті; БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығы аясында қазіргі таңда әртүрлі мемлекеттерде белсенді түрде талқыланып жатқан терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі Кодексі жобасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Астананың Қазақстан көшбасшысының «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінде баяндалған идеясы аясында әлемде қалыптасқан шиеленіс деңгейін төмендету бойынша нақты қадамдар жасау туралы ұсынысы зор қызығушыық тудырды. 

Жетекші армян сарапшысы Арам Сафарян өз сөзінде Қазақстан өзінің төрағалығы барысында бүкіл әлемдік қоғамдастыққа сенім шаралары арқылы жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың өзекті мәселелеріне назар аударып, БҰҰ ҚҚ жұмысының күн тәртібіне Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша министрлер деңгейіндегі пікірталасты қамтитын бағдарламасын ұсынғанын атап өтті.

Саясаттанушы Степан Григорянның пікірінше, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалық қызметін атқарған кезіңде Астана өзін «жаһандық қауіпсіздікке қатысты кездесулер мен келіссөздер өтетін» халықаралық алаң ретінде көрсеткен.

«Альтернатива» зерттеу орталығының басшысы Татул Манасерян өз сөзінде жаһандық және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Астананың халықаралық бастамаларына жоғары баға бере отыра, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған сенім шаралары өзекті әлемдік мәселелерді шешуге және қақтығыстарды болдырмау бағытында маңызды рөл атқарып тұрғанына көңілін аударды.

Сарапшы Гагик Арутюнян Қазақстанды Орталық Азия мемлекеттерін біріктіру үрдісінде алдыңғы орын алып келе жатқандығын атап кетті.

Бұған қоса, кездесу барысында қатысушылар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіне себеп болған ҰКШҰ және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін қазіргі заманның негізгі сын-тегеуріндерін және Мемлекет басшысының қаңтардағы Жолдауында белгіленген міндеттерді талқыға салды. 

Соңғы жаңалықтар