Армениядан жеңілгенімізге жалғыз мен кінәлімін - Сергей Малый

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Sports.kz сайтына Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турында Армения құрамасынан жеңілу себебі туралы пікір білдірді.

«Матч өте ауыр болды және біздің команда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барын салды. Бірақ, кеткен қателіктердің салдарынан жеңіліс таптық. Түсінемін, матч нәтижесі көптеген қазақстандық жанкүйерлердің еңсесін түсірді. Армениядан жеңілуде жалғыз мен кінәлімін деп есептеймін, басқа жігіттерге тиісудің қажеті жоқ. Мен саналы, ересек адам ретінде қандай қателік жібергенімді түсінемін және ақталып жатқым келмейді. Тағы да айтарым: жігіттерге тиіспеңіздер... Барлық ұжым, бапкерлер және ойыншылар жеңіс үшін барын салды. Барлық сын-ескертпелерді маған айтыңыздар, мен оны ер азамат ретінде қабылдауға дайынмын», - деді Малый. 

Соңғы жаңалықтар