Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -6 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

2017 жылғы 13 қазан 21:58 736
Поделиться:
Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  Армения Республикасының үш полигонында ҰҚШҰ ҰЖДК жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезеңдерінің бірі болып табылатын «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Негізгі іс-қимыл Ереван қаласының маңында орналасқан «Баграмян» полигонында өтті. Мұнда ұрысқа енгізілген мотоатқыш ротасының маневрлі қорғанысынан кейін танктердің, артиллерия мен авиацияның қолдауымен мотоатқыш батальоны шығып бара жатқан қарсыласты талқандады.


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Одан басқа, Ресей Федерациясының арнайы мақсаттағы бөлімшесінің күшімен лаңкестерді жою және кепілге алынғандарды босату жөнінде операция өткізілді. Ал тактикалық әуе десанты Беларусь пен Қазақстанның әскери контингенттері құрамында белгіленген ауданда маңызды шепке орналасып, заңсыз қарулы құралымдардың шегінуін оқшаулады.


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

«Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы - бұл әскерлеріміздің жауынгерлік шеберлігін, коалициялық топтама құрамында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау біліктілігін шыңдау, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам», - деп Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өтті.


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша үздік қатысушылар медальдармен, грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының келесі кезеңі «Мызғымас бауырластық-2017» ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің оқу-жаттығуы ағымдағы жылғы қазанның 16-ы мен 20-ы аралығында «Іле» полигонында өтеді.


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Арменияда «Өзара іс-қимыл-2017» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Мұрағат