Арменияда оң рульді көліктердің импортына тыйым салынды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения үкіметі отырыста оң жақ рульді автомобильдерді тіркеуге және оның импортына тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Шектеу 2018 жылдың 1 сәуірінде күшіне енеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Армения үкіметі отырысының күн тәртібінде Арменияда 1 сәуірден бастап оң жақ рульді автомобильдерді тіркеуге және оның импортына тыйым салу мәселесі қаралды. Қаулы жобасын Армения көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Ваан Мартиросян ұсынды.

«2018 жылдың 1 сәуірінен бастап оң жақ рульдік басқару жүйесі бар автомобильдерді тіркеуге және пайдалануға тыйым салу қарастырылған. Бұл шектеу 1 сәуірге дейін әкелінген автомобильдерге қатысты емес. Оларды есепке алуға рұқсат етілген», - деп мәлімдеді үкіметтің отырысында министр Ваан Мартиросян.

Соңғы жаңалықтар