Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Армения Спитактағы жойқын жер сілкінісінің құрбандарын еске алуда

2017 жылғы 7 желтоқсан 17:40 508
Поделиться:
Армения Спитактағы жойқын жер сілкінісінің құрбандарын еске алуда

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Арменияда осыдан тура 29 жыл бұрын алапат зардап әкелген Спитак зілзала құрбандарын еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тақырыптас жаңалықтар

29 жыл бұрын, 1988 жылы 7 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 11.41-де Арменияның солтүстік-батыс бөлігінде қуатты жер сілкінісі болды. Жарты минуттың ішінде республиканың солтүстігі тұтас қирап қалды. 1 миллион халық тұратын аумақ қираған үйінді астында қалды. Жойқын табиғи апаттың салдарынан елдің өндірістік қуатының 40%-ы істен шықты.

Армения Спитактағы жойқын жер сілкінісінің құрбандарын еске алуда

Зілзала ошағына тура келген Спитак қаласында дүмпу қуаты 12 балдық шкала бойынша 10 балға жетті. Қаламен қоса оның маңайындағы елді мекендер толығымен, Ленинакан (Гюмри), Степанаван, Кировакан (Ванадзор) қалалары, сондай-ақ 300 елді мекен жартылай қирады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің салдарынан 25 мың адам қаза тауып, 19 мың адам мүгедекке айналды, 514 адам баспанасыз қалды.

Армения Спитактағы жойқын жер сілкінісінің құрбандарын еске алуда

Алапат апаттан бірер сағаттан кейін Арменияға КСРО құрамына кіретін республикалардың барлығы көмек көрсете бастады. Бұрынғы одақтың түкпір-түкпірінен 40 мыңнан астам маман мен әскери қызметшілер құтқару жұмыстарына тартылды.

Армения Спитактағы жойқын жер сілкінісінің құрбандарын еске алуда

Жалпы, әлемнің 100-ден астам елі құтқару қондырғыларын, азық-түлік, дәрі-дәрмек жіберіп, мамандарын аттандырды. Әлемдегі барлық армян диаспоралары Арменияға көмек көрсету үшін көптеген ұйымдар құрды.

Спитак зілзаласының зардаптары күні бүгінге дейін сезіледі. Арменияның екінші ірі қаласы Гюмриде уақытша баспанада тұруға мәжбүр болып жүрген отбасылар әлі де бар. Оларға көмектесу мақсатында «Гюмри баспанасыздары» қоры құрылып, ол үйсіз қалған адамдардың мәселесін шешу үшін қызмет етіп келеді.


Басты сөздер: Армения, Жер сілкінісі,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат