Армения қыпшақтарға қатысты қолжазбаларды бірлесіп зерттеуге талап қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде «Матенадаран» мұражайында қыпшақтар тарихына қатысты мыңдаған қолжазба бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Матенадаран» мұражай-институтында әлем бойынша ең үлкен және ең кішкентай қолжазба да сақталған. Жалпы, ол жақта шамамен 10-12 мың қолжазба, соның ішінде қыпшақ тіліне арналған еңбектер де бар. Арменияға барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та аталған жәдігерлермен танысқан болатын. Ол жерде қыпшақ тіліндегі мәтіндер армян графикасымен жазылған», - дейді Қазақстанның Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тимур Оразаев.

Айта кетейік, тарихи деректер бойынша XII-XIII ғасырларда Армения аумағында қыпшақтар тұрған. Бұдан бөлек, қыпшақ тілінде сөйлеген армяндар да болды. Олар сауда-саттықпен айналысып, христиан дінін таратқан.

«Қазіргі кезде Армения жағы бір ғана талап қойып отыр. Олар осы қолжазбаларды бірлесіп зерттеуге мүдделі. Негізі, осыдан бірнеше жыл бұрын екі елдің түркітанушылары арнайы баяндама әзірлеп, өзіміздегі зерттеу институттарына таратқан еді. Алайда әлі де жауап жоқ. Арменияға келіп-кетіп жүрген ғалымдар да бар. Дегенмен, осы саладағы жұмысты тереңдету керек. Соның арқасында тарихтың беймәлім беттерін ашып қана қоймай, екіжақты байланыстарды күшейтуге де болады» - деп атап көрсетті Оразаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар