Армения ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Армения Республикасына жұмыс сапары аясында Армения Республикасы экономикалық даму және инвестициялар министрі және ұлттық секция комиссары Сурен Караянмен және Армения Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарянмен кездесу өтті, деп хабарлады ЭКСПО-2017 комиссарының хатшылығы.

Арменияның экономикалық даму және инвестициялар министрімен кездесу кезінде «ЭКСПО-2017» комиссары оны алдағы көрмеге дайындық барысымен таныстырды және 22-23 ақпан күндері Астанада өтетін халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысына шақырды. 

Кездесу соңында Жошыбаев пен Караян армениялық тараптың ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды.  

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және астаналық көрмеге Арменияның қатысуын талқылады. Жошыбаев Арменияның «ЭКСПО-2017» өткізу құқығына Астана қаласының кандидатурасын қолдағанын атап өтті және оған тікелей қатысуы халықаралық бастамаларды өзара қолдайтын екіжақты қарым-қатынастар сипатына лайық екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар