Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақ иесі Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі карьерасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Киссимми қаласында өткен бокс кешінде Арман америкалық қарсыласы Джон Морхаусты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Жергілікті боксшы үшін де бұл айқас кәсіпқой бокстағы дебюті еді. Ол бұрын ММА-де өнер көрсеткен.

Бұрын Рысбек «Astana Arlans» командасының намысын қорғап жүрді, 2017 жылы оның құрамында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы атанды. Арманның кәсіпқой бокстағы дебюті ертерек болуы тиіс еді, алайда түрлі себептерге орай, енді ғана өтті.

Соңғы жаңалықтар