Арман Рысбек алғашқы жекпе-жектен кейін-ақ әлемдік рейтингке енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беделді BoxRec.com сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбектің (1-0, 1 КО) профилін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Арманның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі екі рет кейінге шегерілген болатын. Ақыры жақында АҚШ-тың Киссимми қаласында америкалық Джон Морхауспен кездесу өткізді. Ол да кәсіпқой боксқа алғаш шығып тұрған боксшы. Бұл жекпе-жек әуелде 4 раундқа жоспарланғанымен, бірінші раунда қазақстандық былғары қолғап шеберінің жасаған нокаутымен аяқталған болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша BoxRec Арманды рейтингте орта салмақ санаты бойынша 982-орынға қойыпты. Ал бұл дивизионда жалпы 1053 боксшы бар.

Айта кетейік, бұл салмақ рейтингінде 4 чемпиондық белдігі (WBA Super, WBC, IBF, IBO) бола тұра Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) екінші тұр. Ал бірінші орынға мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жайғасқан. 

Соңғы жаңалықтар