«Арландардың» Қытайдағы айқасын елімізде тікелей эфирде көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландарының» кезекті «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін айқастарын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу 21 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Бұл «Астана Арландарының» топтық кезеңіндегі соңғы айқасы. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен сағат 17:30-да.

Естеріңізге сала кетейік, бұл сында «арландар» сапынан 52 келі салмақта Анвар Мұзаппаров, 60 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов, 81 келі салмақта Арман Рысбек және 91 келіден ауыр салмақ дәрежесінде  Олжас Бұқаев шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар