Арктикада Амундсеннің кемесі су түбінен шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зерттеуші Рауль Амундсеннің (1872-1928) «Мод» аталған кемесі 1917 жылы маусым айында суға түсірілген. Кейін ол сатылып 1930 жылы Артиканың канадалық бөлігінде суға батқан. Арада 86 жыл өткеннен кейін оны су түбінен алып шықты.

Амундсен «Модты» жеке қаражатына жасатқан, онымен Арктиканың шығыс сібірлік тұсына жетіп зерттеген. 1925 жылы кеме берешегі үшін сатылып, 1926 жылға шейін Канадада жүк тасымалына жегілген. Алайда Кеймбридж-Бей қыстағының тұсында мұз құрсауында қалып, төрт жылдан соң суға батқан, деп хабарлайды CBC телеарнасы.

Осыншама жыл су астында жатқанына қарамастан кеме жақсы сақталған. Кемені су бетіне көтеруге алты жыл уақыт кеткен.
Қазір баржаға орнатылған кеме тазартылды. Келсі жылы оны Норвегияға әкетеді.

 

null null null 

Соңғы жаңалықтар