Арқалықта зергерлік дүкенді 4 млн. теңге шығынға батырған тонаушылардың соты өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арқалық қалалық соты алдын ала сөз байласып, топ құрып, өндірістік мекемеге заңсыз кіріп, өзгенің аса ірі көлемдегі мүлкін ұрлады деген айып тағылған 24 жастағы П. және 27 жастағы В.-ға қатысты қылмыстық істі қарастырып жатыр.

Биыл 21 тамызда, шамамен таңғы 4:00-де сыбайластар «Янтарь» зергерлік дүкенінің кіре беріс есігіндегі аспалы құлыптарын бұзып, ішке заңсыз енген және жалпы құны 4 293 570 теңге болатын зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражатты жымқырған.

Одан кейін П. және В. қылмыс орнынан жасырынып, ұрланған мүлікті өз қалауларынша жұмсаған және жоғарыда аталған сомада зардап шегушіге материалдық шығын келтірген. 

Соңғы жаңалықтар