Арқалықта үш мешіт саудаға қойылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық бизнесмені Болат Әбдібеков өз иелігіндегі үш мешітті саудаға қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті «Қостанайские новости» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Әбдібеков - «Құралай» құрылыс компаниясының иесі. Оның компаниясы жергілікті биліктің тапсырмасы бойынша үш мешіт салған. Құрылыс 1992 жылдан 1999 жылға дейін жүргізілген.

Алайда, тапсырыс берушілер құрылыс компаниясына тиесілі қаражатты төлемеген. Көпке созылған сот отырыстарында дау тудырған. Ғимараттарды Әбдібековтың иелігіне көшіру шешімі қабылданды. Бірнеше жылдан кейін ол бір мешітті сататынын, ал 2013 жылы екі мешітті сататынын хабарлаған.

Діни бағытта пайдалануға арналған үш ғимаратты да сататыны туралы қазір белгілі болып отыр. Қазір жылжымайтын мүліктерді сату бойынша онлайн-ресурстарда ұсынылған бағасы төмендегідей: Арқалықтағы мешіттің құны - 180 миллион теңге, Амантоғай кентіндегі мешіттің бағасы 50 миллион теңге, Торғай кентіндегі Алла үйінің бағасы 94 мың АҚШ доллары. Сатушы бағаны түсіруге дайын екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар