«Арқалық хабары» басылымы латынша жарық көрді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласының апталық газеті - «Арқалық хабары» газеттің кезекті нөмірін латын әліпбиімен шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, газет эксперимент түрінде бірінші рет латынша жарық көрді.

Бас редактор Қайрат Есмағамбетовтің айтуынша, газетті латынша шығару жоспарда болмаған.

«Бәріңізге белгілі, Елбасы жаңа латын әліпбиін бекітті. Осы орайда біз де тәжірибе ретінде өз газетімізді латын графикасымен ұсынып көрдік. Бұл жолы басылымның бірінші бетін өзгертіп жасадық. Мұндағы мақсат - оқырмандардың пікірін білу. Олар қалай қабылдайды? Міне, осы сұраққа жауап іздеу үшін жаңашылдыққа барып отырмыз», - деді Есмағамбетов.

Бас редактордың сөзінше, ғаламторда кириллицаны латын әріпіне бірден ауыстыратын арнайы бағдарламалар бар. Сол себепті, басылымдарды латынша таңбалау қиындық туғызбайды.

Соңғы жаңалықтар