Әріптестері мектепте асылып қалған мұғалімнің қандай жан болғанын айтты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттегі мектептердің бірінде асылып қалған мұғалім туралы жаңа деректер пайда болды. 27 жастағы педагог туралы әріптестері айтып берді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп  ұжымының айтуынша, марқұм болған  мұғалімнің денесін сол күні оқушылар мен әріптестері тауып алыпты. Ол жылу құбырына жіп байлап, буынып қалған. Мұғалімдер артынша құзырлы органға хабар берген. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше мұғалім жан тәсілім еткен.

Әзірге мұғалім өз-өзіне қол жұмсады ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Сондай-ақ, жас мұғалімнің мұндай  қадамға не себепті барғаны да жұмбақ күйінде қалып тұр. Өзге ұстаздар болса оның өте жайдары, ақкөңіл әрі қамқор жан болғанын айтады.  2014 жылдан бері мектепте педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарған. ол тіпті үйленіп, жанұялы да болмапты.

«Ол өте ақкөңіл, жайдары, ылғи күліп жүретін жан еді. Әрдайым жылы қабақ танытып, жағдайымызды сұрап тұратын. Оның қасына барсақ бір қуат алатын едік. Сондықтан оның мұндай жағдайға тап болғаны бізге өте қайғылы, өкінішті»,- дейді осы мектептің хор жетекшісі Роза Амрина.

Ұжымдастарының сөзінше,  марқұмның туыстары ұлдарының мезгілсіз қазасына байланысты «мектеп әкімшілігіне ешқандай кінә артпаймыз» деп тілхат беріпті.  Қазір қайғылы жағдайға байланысты өңірдің тәртіп сақшылары тергеп-тексеру  амалдарын бастап кетті.

«Қазіргі таңда Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен болған жәйтқа байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты шешім сол тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданады», - дейді Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

null 

Соңғы жаңалықтар