Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыповтың айтуынша, қалалық әкімдік Smart City концепциясы бойынша «Қостанай - ақылды қала» жобасын әзірлеуде.

 «Аталған жоба бірнеше интерактивті карта мен сызбадан тұрады. Бұл арнайы белгілер қаланың әр нысанын айқындауға мүмкіндік береді. Жоба екі жылға шақталған. Биыл бұған 200 млн теңге бөлінді», - деді қала әкімі.
null 

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды.

«Қазіргі бас жоспар ескірген. Қостанай қаласының болашағы оның бас жоспарының дұрыс жасалуынан көрінеді. Қай бағыт бойынша жұмыс істейміз? Соны анықтау қажет. «Әуежай» шағынауданын аяқтадық. Енді қала іргесінен «Юбилейный» мөлтек ауданы орын теппек. Сондықтан, қалада салынып жатқан жаңа нысандар, өндірістік аймақ, шеткері жатқан құрылыс аймақтары бас жоспарға енуі тиіс», - деп тапсырды Архимед Мұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, қала аумағында тұрғын үй құрылысына  бөлінген жерлер жеткіліксіз.
null 

«Біз 2009 жылдың 3 қарашасында Үкімет бекіткен жоспарды толықтай орындадық. Енді бас жоспарға өзгерістер енгізу үшін шамамен 1 млрд теңге жұмсалады. Қала шекарасын солтүстік-батысқа қарай созуды ойластырып отырмыз», - деді қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар