Аргентинаның жоғалған сүңгуір қайығын іздеуге АҚШ көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның жоғалып кеткен әскери сүңгуір қайығын іздеу жұмыстарына АҚШ әскери-теңіз күші тартылды, деп хабарлайды The Telegraph . 

АҚШ әскери-теңіз күші қайық жоғалып кеткен жерді ARA San Juan аппарытының көмегімен барламақ. Аталған аппарат  терең су астын зерттеуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Аргентинаның ӘТК-інің «Сан-Хуан» әскери  сүңгуір қайығы оңтүстік Америка жағалауларына келгенде жоғалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз . 

Сүңгуір қайық бортында экипаждың 44 мүшесі болған.  

Соңғы жаңалықтар