Аргентиналық төреші футболшыны ажалдан алып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Футбол төрешісі Яэль Фалькон Аргентина чемпионатының төртінші дивизионындағы матч кезінде ойыншы Исаису Олариагеге алғашқы көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалды.

Спортшы қарсыласымен бетпе-бет соғысқан кезінде жүрегі қысылып, құлаған.

« Мен ойыншының аяқ-қолы дірілдеп, селкілдеп жатқанын байқадым. Мұндай жағдайда өлімге апарар басты себеп - тілін тістеп алуы. Мен оның тілін қауіпсіз жағдайға жеткіздім, артынша дәрігерлер араласты»,-деген төрешінің сөзін келтіреді RT.

Соңғы жаңалықтар