Аргентинада Қазақстанның туын көтеру рәсімі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсанда Аргентинаның Росарио қаласындағы Ұлттық ту мемориалдық кешенінде еліміздің Тәуелсіздігі күніне арналған Қазақстан Республикасының туын көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Бразилия Федеративті Республикасындағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Росарио әкімшілігінің қолдауымен Бразилиядағы Қазақстан елшілігі мен Қазақстан мәдениет орталығы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға қалалық әкімшілік, қалалық кеңес өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ұлттық-мәдениет орталығының белсенділері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Аргентинадағы Қазақстан елшісі Қайрат Саржанов қала мен мемориал басшылығына жыл сайын еліміздің Тәуелсіздігі күні Қазақстанның мемлекеттік туын көтеретіндіктеріне ризашылығын білдіріп, тәуелсіздік алған  26 жыл бойы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген негізгі жетістіктерді атап өтті. 

Росарио мэрі сыртқы істер департаментінің басшысы Серхио Барриос 2016 жылы негізі қаланған Қазақстан мәдениет орталығының маңызды рөлін атап өтті.

Іс-шара соңында Қайрат Саржанов Құрметті елші Густаво Гутиеррезуге «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік медалін табыс етті. 

Соңғы жаңалықтар