Аргентина жағалауында бортында 44 адам бар сүңгуір қайық жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның ӘТК-інің «Сан-Хуан» әскери  сүңгуір қайығы оңтүстік Америка жағалауларына келгенде байланысқа шығуды тоқтатқан, деп хабарлады жұма күні әскери-теңіз ведомствосы. 

Сүңгуір қайық бортында экипаждың 44 мүшесі болған.

«ӘТК Ушуайиден Мар-дель-Платуге өтер кезде жоғалып кеткен «Сан-Хуан» қайығымен байланысты  қалпына келтіру үшін әрекет жасап жатыр. ӘТК-інің ұшақтары мен кемелері қайықтың болған жері соңғы рет тіркелген жерде тұр», - делінген Аргентина ӘТК Твиттердегі хабарламасында.

Жоғалған қайық Германияда құрастырылып, Аргентина ӘТК құрамына 1985 жылы енгізіген. 

Соңғы жаңалықтар