Әрбір азаматтан ертерек тіркелуді сұраймыз - министр Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың ойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында жылдың басында болған қарбаластар қайталанбауы тиіс. Ол кезде мекенжай бойынша уақытша және тұрақты тіркеуге тұрмағаны үшін жауапкершілік күшейтілген болатын. Ал келесі жылдан бастап әрбір адам өзінің мәртебесін (жұмысы бар немесе жұмысы жоқ) анықтап, тағы бір рет тіркеуге тұруы тиіс. Соған қарай медициналық сақтандыру қорына тиісті жарналар төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз барлық шараларды іске асырып жатырмыз. Жылдың аяғына дейін үлгереміз деп ойлаймын. Сосын ел азаматтары өздері де xалыққа қызмет көрсету орталықтарына ертерек барып, тіркелуі қажет. Өйткені қазір барып тіркелмесе, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап тағы қарбалас болуы әбден мүмкін. Сондықтан барлықтарыңызды жылдың аяғына дейін тіркелуіңізді сұраймыз», - деді Абаев бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, xалыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтін мамандар барлығын біледі. Сондықтан кез келген адамды мәртебесіне қарай тіркей алады. Ол үшін әрбір азамат өзінің жеке құжаттарын алып келсе болғаны.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты xалықты мәртебесіне қарай тіркеу кезінде дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.

«Бұл - өте маңызды мәселе. Халық қайтадан барып, тіркеуге тұруы тиіс. Қыста азаматтарды тіркеу кезінде болған жағдай қайталанбауы қажет. Уақыт бар. Тәжірибе де жоқ емес. Сондықтан Ақпарат және коммуникациялар министрі, сондай-ақ «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарбаластарға жол бермеуі тиіс», - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар