Арбаға таңылған бойжеткен Miss World Australia конкурсына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі бойжеткен алғаш рет Miss World сұлулық конкурсына қатысты.

Джастин Кларк (Justine Clarke) австралиялық Аделаида штатында болған аймақтық байқаудың финалында бақ сынады, деп жазады Daily Mail.

26 жастағы Кларкконкурстың жеңімпазы бола алмады және ұлттық кезеңнен де тысқары қалды. Бірақ ол  қатысқандығының өзі үлкен жетістік екендігін және алдағы уақытта да мүгедектердің құқығын қорғауды жалғастыратындығын мәлімдеді.

«Арбаға таңылған жанның осындай конкурсқа қатысуға  мүмкіндік алуының өзі үлкен қадам. Мен бұл оқиға өзгелерді жігерлендіретін шығар деген ойдамын. Киімнің көлеміне немесе  мүмкіндіктің шектеулі болуына қарамастан - сіздер  бәрібір әдемісіздер»,-деді ол тілеулестеріне. 

Соңғы жаңалықтар