Аралда тұрғын үйдің бөлігі құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралда тұрғын үйдің бөлігі құлады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

«17 наурызда сағат 18-00-дер шамасында Қызылорда облысының Арал қаласындағы Жароков көшесінде 1989 жылы салынған екіқабатты үйдің ескіруінен техникалық қабатының темірбетон плиталары (72 шаршы метрді аумақты қамтиды) құлады»,-делінген хабарламада.

Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр. Үйдің тұрғындарының саны - 11, олардың 9-ы балалар. Олар ауданың эвакуациялық бекетіне орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар