Аралда қардан мүсін жасағандар арнайы сыйлықтармен марапатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Жаңа жыл қарсаңында Арал қаласының орталық алаңында қардан жасалған мүсіндердің қалашығы пайда болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Балалардың қиялындағы түрлі бейнелер түрінде қойылған алаңдағы басты кейіпкерлер - Жаңа жылдың символы Аяз ата мен Ақшақар. Мұндағы қардан жасалған шырша да өткен-кеткеннің назарын аударып тұр. Орталық алаңынан орын тепкен мүсіндерді жасаған балабақша, білім беру мекемелері, сондай-ақ басқа да мекеме мен кәсіпорындардың қызметкерлері осылайша көпшілікке қуаныш сыйлады.

Мүсіншілер байқауына қатысқандардың барлығы дерлік Арал қаласы әкімінің «Алғыс хатын» және демеушілердің арнайы сыйлықтарын иеленді.

Соңғы жаңалықтар