Аралас жекпе-жек: Ресейлік Шлеменко голландиялық Мусасиден жеңіліп қалды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік аралас жекпе-жектің (ММА) шебері  Александр Шлеменко Американың Анкасвилле қаласында (Коннектикут штаты) өткен Bellato 185 турнирінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен нидерландылық Гегард Мусасиден жеңіліс тапты.

Төрешінің үшеуі де жеңісті бірауыздан үш раундтың әрқайсысында 29:28 есебімен голландыққа берді.

33 жастағы Шлеменконың еншісінде енді 56 жеңіс бар (31-і нокаутпен) және аралас жекпе-жектен он жеңіліс.

Бұған дейін абсолютті жауынгерлік чемпионатта  (UFC) өнер көрсеткен Мусаси шілде айында  Bellator-мен келісімшарт жасасқан болатын. Енді оның еншісінде аралас жекпе-жек ережелері бойынша 51 жекпе-жек бар, олардың 43-інде жеңіске жетті (35-і уақытынан бұрын), алты рет жеңіліс тапса, тағы екеуінде тең түскен. 

Фото vk.com

Соңғы жаңалықтар