Арақ ішіп ұйықтап қалған қостанайлық әйел сәбиін өлтіріп алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда абайсызда баласын өлтіріп алған 28 жастағы әйелге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сарыкөл кентінде болған.

«28 жастағы келіншек 5 айлық сәбиін қасына емізіп жатып ұйықтап қалған. Ол баласының көз жұмғанын таңертең білген. Сарыкөл аудандық ІІБ қызметкерлері әйелдің сол күні арақ ішкенін анықтады», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігіне («Абайсызда адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар