Араб бизнесмені тіркеу нөмерін 3 млн долларға сатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Араб бизнесмені Ахмед аль-Марзуки өзінің көлігі үшін тіркеу нөмерін 10 млн дирхам (шамамен 3 млн долларға) сатып алды, деп жазады Khaleej Times .

Машинаға арналған эксклюзивті нөмер Әбу-Дабида өткен аукционда сатылды.

«Мен «2» тіркеу нөмерін сатып алғаныма қуаныштымын», - деді 23 жастағы бизнесмен журналистерге.

Аукционнан түскен 15 млн доллар қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Агенттіктің хабарлауына қарағанда, өткен жылы БАӘ-де «1» тіркеу нөмері 8 млн-нан аса долларға сатылыпты. 

Соңғы жаңалықтар