Әр ұлттың бренді қандай - Шымкентте көрме өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен шараға кәсіпкерлікпен айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері қатысты. Көрме барысында  кәсіпкерлер өздері өндіріп жатқан  тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті.

Кәсіпті ашу негіздеріне әсіресе жұмыссыз азаматтар мен студенттер қауымының қызығушылығы жоғары болды. Іс-шараның ашылуында сөз алған Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұрат Қалмұратов өңірдегі  этномәдени бірлестіктер мәдени шарлар өткізумен ғана шектелмей, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келе жатқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін осындай  Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мал бордақылау алаңының базасында және Облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданындағы жылыжай кешендерінде өткен болатын. Сондай-ақ облыстық Ассамблея диалог алаңын ашып, өңірдегі қаржы институттары мен кәсіпкерлікті қолдау ұйымдары өкілдерінің көпшілікпен кездесулерін ұйымдастырған еді. 

Соңғы жаңалықтар