Аптап ыстықта көлікте ұмыт қалған сәби ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Анасы шыжыған ыстықта көлік ішінде қалдырып кеткен бүлдіршін  ауруханада көз жұмды.

Келеңсіз жағдай кеше Италияда, Сан-Джованни-Лупатото қаласында болды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Салақ әйел осылайша ұлынан айырылды. Оны бүкіл отбасы іздеп, ақырында басынан күн өткен сәбиді автомобиль ішінен әзер тапқан.

Оқиға орнына келген дәрігерлер бүлдіршінді шұғыл ауруханаға жеткізгенімен ажалдан арашалап қала алмады.  Бала есін жимай көз жұмды.

Сәбидің ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Анасы аптап ыстықта баласын машинада ұмыт қалдырды ма, әлде оның өзі  кірген бе, полиция осыны  анықтауды қолға алды.

Соңғы жаңалықтар