Apple жаңа операциялық жүйесін таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы өзінің операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы iOS 11-ді ұсынды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Ол биыл күзде шығарылады. Жаңа жүйеде мессенджер арқылы ақша жіберуге, файлдарды оңай басқарып, дисктегі орынды үнемдеуге мүмкіндік берілген.

iOS 11-дің тұсаукесері  Сан-Хостағы Дүниежүзілік құрастырушылар конференциясында (WWDC) өтті.

Жаңа операциялық жүйедегі ең кең көлемде талқыланып жатқан жаңалық - файлдар менеджері. Енді қолданушы файлдарды өзі басқара алады.

Бұдан өзге, алдағы уақытта iMessage арқылы төлемдерді жүзеге асыруға болады. Бұл Apple Pay жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, фотосуреттер мен карталарды өңдеуге арналған бағдарламалар жасалды. Жаңа iOS күзде іске қосылады. 

Соңғы жаңалықтар