Апатты үйлерде тұратын оралдықтар жаңа пәтерлерге көшеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлер құрылысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және қайтадан салу жобасы 2015 жылдан бері жүзеге асырылуда. Мысалы, өткен жылдың наурыз, сәуір айларында Деповская көшесі №18, 2-км көшесіндегі №20, 21, 22 үйлер тұрғындары көшірілді. Барлығы 43 отбасы, 135 адамға қаланың 5-шағынауданынан екі жылға дейін уақытша қолдану мерзімімен пәтерлер берілді. Биыл Деповская көшесі №18 үйдің орнына салынған 9 қабатты, 90 пәтерлік үй іске қосылып, тұрғындар жаңа баспанаға қол жеткізді. Ал 2-км көшесі бойындағы бұзылған үйлердің орнына бой көтеріп жатқан 6 қабатты тұрғын үйді «Орал полимер» ЖШС биылғы жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Сол секілді Гагарин көшесі 1/1 мекенжайындағы апаттағы жағдайдағы 10 пәтерлік үй бұзылып, орнына «Караванный путь» ЖШС 126 пәтерлік тоғыз қабатты тұрғын үйді тұрғызуда. Бұл нысанды алдағы жылдың тамыз айында бітіру жоспарлануда.

null 

Сонымен қатар 2017 жылы Құрманғазы көшесі №198 мекенжайындағы 8 пәтерлік тұрғын үй бұзылған еді. Мұнда «Казхол» ЖШС 64 пәтерлік, 6 қабатты тұрғын үй салуда. Бұл үй келер жылы пайдалануға берілмекші. Гагарин және Құрманғазы көшесіндегі аталмыш үйлерде тұрғандар уақытша Зачаган кентіне көшірілді. Сондай-ақ «Орал полимер» ЖШС және «Альтаир» ЖШС құрылыс компаниялары Құрманғалиев көшесі №3 (8 пәтерлік), Ғ.Қараш көшесіндегі №33/1, 37 (14 пәтерлік) үйлерді бұзып, орнына жаңадан салмақшы. Оған қоса Құрманғазы көшесіндегі №192, 194, 196, Әбубәкір Кердері көшесіндегі №181, 183 (пәтерлердің жалпы саны 43) үйлер бұзылып, тұрғындар көшіріледі. Бұл үйлердің орнына «КазХол» және «Караванный путь» ЖШС жаңадан мекендер тұрғызады.

null 

Салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысымен танысқан шаһар басшысы бұл жобаның Елбасы тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Қалада барлығы 43 тұрғын үй апатты жағдайда деп танылса, биыл соның жетеуі бұзылып, орнына көп қабатты үйлер салынуда. 2018 жылы тағы сегіз үй бұзылмақшы. Осылайша, екі жылдың ішінде 15 үйдің орнына сәулетті ғимараттар бой көтермекші. Бұдан ешкім де ұтылмайды. Ең алдымен қаланың көркі ажарлана түссе, тұрғындар жаңа пәтерді тегін алады. Мердігер компаниялар үшін де бұл тиімді. Пәтерлердің бір бөлігін тұрғындарға бергеннен кейін қалғанын коммерциялық бағамен немесе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатады. Үй салушы компанияға жер тегін беріледі әрі инфрақұрылым тарту және абаттандыру жұмыстары жергілікті қазына есебінен жүргізіледі.

null 

Айта кетейік, биыл Орал қаласы бойынша 16 көп қабатты тұрғын үй (2262 пәтер, жалпы ауданы - 134,2 мың шаршы метр) құрылысы жүргізілсе, соның 8-і (1206 пәтер, 70,5 мың шаршы метр) жыл соңына дейін пайдалануға берілмекші. Оған қосымша 16 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары жасалып жатса, соның 9-ы Зачаган кентінде, жетеуі қаланың солтүстік-шығыс шағынауданында бой көтермек. Бұл үйлерді (1800 пәтер) 2018-2019 жылдары салу жоспарланып отыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар