Апатты үйде тұрып жатқан жезқазғандықтар билік назарына ілінді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында көпқабатты үйдің апатты кіреберісін қайта жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа Құрылыс» ЖШС арнайы маманданған ұйымының тұжырымына сәйкес, 2016 жылдың қараша айында Жезқазғандағы Алаша хан көшесі №33 көпқабатты үйдің кіреберісі апатты деп танылды», - делінген хабарламада.

Билік мәліметтеріне сүйенсек, жұмыстардың сметалық құны 3,2 млн теңгені құрайды.

«Жаңа Құрылыс» ЖШС сарапшылар тобы үйді тексеріп шықты және  жарамды деп таныды. №1 апатты кіреберісте 15 жеке меншіктегі пәтер бар», - деп көрсетілген хабарламада.

Әзірге кіреберістің қирауының алдын алу үшін құрылыс шаралары жасалды. «Металл тіреуіштер уақытша құрылымдар ғана. Олар іргетас пен уақытша құрылмалар нығайған соң алынады», - деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Панельді көпқабатты үй 1966 жылы тұрғызылған. Онда 6 кіреберіс, 90 пәтер бар. 

null  

Соңғы жаңалықтар