Апатқа ұшыраған ұшақта болған ит аман қалды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - АҚШ-тың Индиана штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС .

Ұшақтың апатқа ұшырағандығы туралы ақпаратты штат полициясының ресми өкілі Стивен Уилс өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды.

Миссуриден Мэрилендге бағыт алған ұшақ ішінде отырған 3 жолаушының мерт болғандығын хабарлады.

Сондай-ақ, Уилс ұшақта адамдардан бөлек екі иттің болғандығын, оның біреуінің тірі екендігін айтты.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар