Апатқа ұшыраған «Прогресс» ғарыш кемесінің сынықтары табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік ТЖМ жедел тобы «Прогресс» ғарыш жүк кемесінің сынықтарын Тува Республикасының астанасы Қызылдың батысында 120 шақырым қашықта орналасқан ауылдың маңынан тапты, деп хабарлады РИА Новости.

ТЖМ ресми өкілі Луиза Севилдің айтуынша, Улуг-Хемск ауданының жергілікті тұрғынынан Тос-Тевек мекеніндегі Эйлиг-Хем ауылынан 15 шақырым қашықтықта дөңгелек пішінді металл заттың табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Өрт сөндіру гарнизоны жедел тобының мәлімдеуінше, тау бөктерінде диаметрі 90 сантиметрлік сынықтар табылған.

«Прогресс-МС-04» кемесімен байланысты оқиға бейсенбі күні кешке орын алған. Ғарыш кемесі Туваның тұрғын жоқ таулы аймағында апатқа ұшырап, құрылғының көп бөлігі ауада жанып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар