Апатқа ұшыраған Ан-28 ұшағында кімдердің болғаны анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында құлап, өртенген Ан-28 ұшағында кімдер болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 3 қазанында 19 сағат 15 минутта Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында санитарлық авиация рейсін орындаған Ан-28 ұшағы құлап, өртенген.

Бастапқы мәлімет бойынша, бортта болған 5 адам қаза тапқан.

Экипаж мүшелері - Әуе кемесінің капитаны Қырғызстан азаматы - Г.Н.Цой, екінші ұшқыш Қазақстан азаматы Е.Кутафин болған.

Сонымен қатар, бортта 2 медицина қызметкері болғаны анықталды. Барлығы бортта 5 адам болған. Олардың барлығы көз жұмды.

«АН-28» Польшада 1990 жылы жасалған. Тіркеу нөмірі UP - A2807, ұшу салмағы 5 690 келі.

Қазір төтенше жағдай болған жердің координатасы анықталды. ҚР ИДМ көліктегі тексеру департаментінің қызметкерлері 1 сағат көлемінде оқиға орнына шықты.

Оқиға орнында Алматы облысының Өрт сөндіру қызметінің 12 маманы мен 3 арнайы техникасы өртті сөндіруде.

Еске сала кетсек, Алматы-Шымкент бағытында санитарлық рейске аттанған Eastwing әуе компаниясының Ан-28 ұшағы бүгін Алматыдан 28 шақырым жерде локатордан жоғалып кеткен.

Соңғы жаңалықтар