Антониу Гутерриш: БҰҰ Қазақстанның бейбітшілікті сақтаудағы ерік-жігеріне ризашылық білдіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанмен арадағы көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайды. Тараптар ядролық қарусыздандыру саласында, климат жөніндегі Париж келісімін жүзеге асыруда, мәдени және дінаралық диалогты ілгерлетуде, терроризмнің алдын алуда табысты өзара іс-қимыл жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы және басқа да мәселелер 22 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының отырыс алаңында өткен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановтың кездесуінде талқыланды.

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет білдіре отырып сәлем жолдады. Ол өзінің ЭКСПО-2017 көрмесі ашылуына және ШЫҰ саммитіне Астанаға сапарына қатысты жақсы пікір білдірді.

А. Гутерриштің ойынша Қазақстан 2030 жылға дейінгі тұрақты даму слаасындағы күнтәртіпті жүзеге асыруға үлгі болатын мемлекет.

«Сирия жөніндегі Астана процесіне толықтай қолдау білдіреміз және Қазақстанға бейбітшілікті сақтау жолындағы күш-жігеріне алғыс айтамыз. Деэскалация аймақтару туралы келісім осындай қиын кезде өте өткір болып табылады», - деді А. Гутерриш.

Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура және БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча қатысты.

Өз кезегінде Қ. Әбдрахманов Бас хатшының назарын Президент Н.Назарбаевтың 2015 жылғы Бас Ассамблеяның 70-сессиясындағы баяндамасында БҰҰ-ны реформалауға қатысты пікірлеріне аударды. Министр Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылдары туралы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына дайындығы, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын, ЭКСПО инфра құрылымдар орнында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптар орталығын құру, Алматыдағы БҰҰ өңірлік хабының дамуы преспективалары туралы ақпараттандырды. 

Соңғы жаңалықтар