Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 331.00
EUR 390.32
RUB 5.59
CNY 49.94

Антидопингтік агенттік тыйым салынған тізімнен алкогольді сызып тастады

Антидопингтік агенттік тыйым салынған тізімнен алкогольді сызып тастады
2017 жылғы 11 қараша 00:19 542

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік (БАА) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап спортшылардың қанынан алкогольді тексермейтін болады. Атлеттерге сонымен бірге синтетикалық каннабидиолды тұтынуға рұқсат берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокс федерациясының ғылыми-кешендік тобының үйлестірушісі Ғалия Біләлова Шымкентте облыс жаттықтырушыларымен өткен семинарда 2018 жылы «тыйым салынған тізім» туралы жаңалықтармен бөліскен.

«Өзгерістер туралы бізге бірден Қзаақстанның ұлттық антидопингтік орталығы хабардар етті. Біздің тапсырмамыз - осы ақпаратты өңірлерге тарату. Алкогольге келер болсақ, автоспорт, аэронавтика, садақпен ату, қайық бойынша су спорты қатарлы бірнеше халықаралық федерацияларға бұл рұқсатты жүзеге асыру керек пе, жоқ па деген ұсыныс білдірілді», - дейді Ғалия Біләлова.

Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік спортшылардың амандығы ең бірінші бағыт екенін еске салған. БАА өз құзырындағы «алкогольдік» зерттеулер үшін жұмсалатын шығынды бұдан былай шығармайтын болған көрінеді. Спортшылардың саулығын ойлайтын федерациялар бұл бағыттағы жұмсалатын шығынды өздері өтейтін болады.

«Өсетін каннабидиол, өзге де каннабидиолдар секілді қатаң тыйымда болса да, бұл заттың қолдан жасалған түрін тұтынуға рұқсат етілген. Оның құрамында психологияға әсер ететін белсенді зат жоқ және ол бірқатар ауруларға қарсы қолданылады. Бірнеше мемлекеттерде бұл заттың мәртебесі нақтыланбаса да, БАА синтетикалқ каннабидиолды заңдастырып отыр», - дейді ол.

Сонымен бірге, В12 дәруменін тұтынуға рұқсат етілген. Кейбір мультидәрумендердегі кобальт пен оның тұздарына тыйым сақталған. Тыйым салынған тізімнен глицерин сызылған, себебі ол қан плазмасының көлеміне әсер етпейді. 2016 жылы шулы затқа айналған мелдонияға да тыйым сақталып отыр.

«Біздің «тіркелген пулда», яғни WADA құрамында бірқатар боксшылар, Олимпиада ойындарының және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары, жаттықтырушылары мен дәрігерлері енеді. Олар күн сайын 15 минут дәлдікпен қандай мекенжайда болатыны туралы хабарлауы керек. Себебі кез-келген күн мен сағатта ескертусіз, оларға WADA офицері келуі мүмкін. Бірақ жалпы алғанда біз «тосынсыйлардан» қорықпаймыз, өйткені тұрақты түрде допингке қарсы жұмыс жүргізілуде», - дейді Ғалия Біләлова.

Басты сөздер: Спорт, Медицина,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер