Анталиялық кәсіпкерлер оңтүстікте бірлескен кәсіпорындар ашуды жоспарлап отыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркиядағы Анталия индустриалды аймағының делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Құрамында 20-дан астам делегат бар топты аталған индустриалды аймақтың төрағасы Әли Бахар бастап жүр. 

null

Түркиялық бизнесмендердің өңірімізге іссапарының мақсаты ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға инвестициялар тарту, осы саладағы орта және шағын бизнесті дамыту болып табылады , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null 

 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, әлеуетін бағамдауға келген делегация мүшелері Шымкенттегі арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтың жұмысымен танысып, ондағы кәсіпорындарды аралады. Күнгейдің экономикалық әлеуетімен танысқан түрік кәсіпкерлері аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, болашақта бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді.

null 

 Еске салайық, 15 ақпанда оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Түркияға жұмыс сапарымен барып, Анталия провинциясының кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Онда Түркияның 12 компаниясымен біздің бизнесмендер жиһаз жасау, кең қолданыстағы қаптау өнімдерінің өндірісі, кептірілген жемістер және азық-түлікке арналған  қаптама өнімінің өндірісі, жылыжайға арналған  жабдықтарды өндіру және орнату, полипропилен өнімдерін өндіру, тыңайтқыштар өндірісі, трансформаторлар құрастыру, шыны пластикалық өнімдерді өндіру, сәндік гүл көшеттерінің өндірісі аясында пікір алмасып, отырысқа қатысушыларға мемлекеттік қолдау және оңтүстіктің экономика секторының барлық салаларындағы инвестициялық тартымдылығы туралы толық ақпарат берілген-ді.

null 

 Нәтижесінде, түркиялық үш компания - «Çitello», «SiMGETEK A.S.» және «CUBO» компанияларымен Оңтүстік Қазақстан облысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

null 

 Түрік кәсіпкерлерінің Оңтүстікке сапары аясында ертең, 30 наурыз күні  жергілікті кәсіпкерлермен B2B кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар