Анонимус бетпердесін кигендер Теміртауда үш дүкенді тонап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда Анонимустың бетпердесін киген қарақшылар үш дүкеннің кассасын үптеп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кәсіпкерлер үш дүкеннің тоналуы туралы ақпарат таратқан. Олар бетперде киген белгісіз біреулердің тонау кезіндегі бейнебақылауға түсіп қалған видеосын жариялап, шағын және орта бизнес өкілдерін коммерциялық нысандардың күзетін күшейтуге шақырды.

«Үш сауда нысанының кассаларын қарулы шабуылшылар тонап кеткен. Олар: 8-ықшам аудандағы «Пафос» дүкені және «Чайка», «Зий» дүкендері», - деп жазып жатыр кәсіпкерлер. Олар басқа дүкендердің иелерін күзетті нығайтуға, дабыл жүйесімен қамтамасыз етуге шақырады.

Өңірлің ІІД баспасөз қызметі әзірге қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартты. «Қазіргі кезде пікір білдіруден аулақпыз», - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Соңғы жаңалықтар