Анкарада қарулы шабуылдан кейін Ресей елшісі көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарадағы Ресей Федерациясының Елшісі Андрей Карлов жасалған қарулы шабуылдан кейін көз жұмды.

Шабуыл елші фотокөрменің ашылуына қатысып жатқан кезде орын алған.


Hurriyet басылымының жазуынша, оқиға РФ елшісінің құттықтау сөз сөйлеуі барысында болды. Дипломат ауыр оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Би-Би-Си-дің жазуынша, шабуыл барысында тағы бірнеше адам жарақаттанды.

Айта кетейік, соңғы уақытта Түркияда Сириядағы ресейлік саясатқа қарсы акциялар жиі өтіп тұрды.

Көп ұзамай интернетте жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Онда ер адам құттықтау сөз сөйлеп тұрған елшіге оқ атқаннан кейін, фотокөрмеге жиналғандарға қару кезеп, өз тілінде әлденені айтып, айғайлайды. Көз ұзамай полицейлер қаскөйдің көзін жойды.
Бірер сағаттан кейін видео желіден алынып тасталды.


Соңғы жаңалықтар