Англияда автомобиль тұрғын үйдің қабырғасын бұзып кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның Йорк қаласында автомобиль кірпіштен салынған үйдің қабырғасын бұзып, ішке кіріп кетті. Осы оқиғаның салдарынан 4 адам зардап шекті, деп жазды бүгін utro.ru.

Оқиға жексенбі күні болды, «Фольксваген Гольф» маркілі көлігі үйдің қабырғасын бұзып, қонақтарға арналған бөлмеге кіріп кеткен, сосын өртене бастаған. Оқиғаның салдарынан көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы және үйдің иесі зардап шекті. Көлік үйдің қабырғасын бұзып кіргенде үй иесі конақтарға арналған бөлмеде диванда жатқан.

Зардап шеккен 4 азаматтың 3-уі ауыр жарақат алды, деп жазады Би-би-си. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар