Ангела Меркель Германия канцлері болып қайта сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Бундестаг Ангела Меркельді ГФР канцлері ретінде төртінші мерзімге қайта сайлады, деп хабарлайды Washington Post.

Іс басындағы канцлерге даустарының басым бөлігін берген неміс парламенті алты айға созылған елдегі саяси дағдарысқа нүкте қойды.

Айта кетерлігі, Ангела Меркель басқаратын Германияның Христиан-демократиялық одағы коалициясы және Баварияның Христиан-социалдық одағы, Германияның солшыл Социал-демократиялық партиясы Бундестагтағы 709 орынның 399-ына ие.  

Бұл партиялар соңғы төрт жыл көлемінде билік басында тұр. 

Жаңа министрлер кабинеті 171 күн ішінде жасақталды. 

Соңғы жаңалықтар