Андрей Кравченко ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Николаевич Кравченко Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Андрей Кравченко 1966 жылы 19 шілдеде Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы қазақ Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1991). Сондай-ақ ол Мәскеу бизнес мектебін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған (2011).

Еңбек өтілі: прокурор, аға прокурор, Талдықорған облыстық прокуратура бөлімінің көмекшісі (1994-1997), аға прокурор, бөлім бастығы, ҚР Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент басшысы (1997-2011) қызметтерін атқарған.

ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін 2011 жылдан бері атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар