Анасының қолынан шығып кеткен бүлдіршінді пойыз басып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу орындары үш жасар баланың Воронежде қалай пойыз астына түсіп кеткендігіне байланысты оқыс оқиғаны тексеруде.

 Бұл туралы РФ Мәскеулік көліктегі аймақаралық тергеу басқармасынан хабарлады.

"2014 және 2017 жылы туылған екі баласын жетектеген әйел Воронеж-1 станциясында теміржолды кесіп өтпек болған. Кенеттен үш жастағы бала анасының қолынан шығып кетіп,  рельстердің төсемімен жүгіре жөнелген. Оны сол сәтте жақындап қалған «Назрань - Мәскеу» жолаушылар пойызы қағып кетті. Абырой болғанда, сәби аман.  Жараланған бүлдіршін ауруханаға жатқызылды»,- делінген ведомоствоның хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар