Анасын балағаттаған атыраулық 10 күнге қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Қызылқоға ауданының соты егде жастағы анасын балағаттаған ер адамды 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданының сотында М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды. Бұған дейін де ҚР ӘҚБК 73-бабы, 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылған құқық бұзушы бір жыл өтпей жатып, алкогольді ішімдікке мас күйінде егде жастағы анасына балағат сөздер айтқан.

Сот жазаны тағайындау барысында оның қорғансыз жанға қатысты құқық бұзушылықты қайталағанын және соттағы тәртіпсіздігін назарға алды. Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 73-бабы, 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 10 тәулікке қамалды», - деп хабарлады Қызылқоға ауданы сотының баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар