«Анаға апарар жол» Нью-Йоркте үздік көркем фильм деп танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальдың «Үздік көркем фильм» наградасын жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА фильмнің ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

АҚШ-та БҰҰ және Қытай киноиндустрия өкілдерінің қолдауымен Халықаралық WeLink кинофестивалі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Шараға Қазақстан және АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Судан, Таиланд, Тайвань, Жапония елдерінен әр түрлі жанрларда фильм түсірушілер бас қосты.

Қазылар алқасы «Анаға апарар жол» тарихи драмасына (бас продюсері - Әлия Назарбаева, режиссері - Ақан Сатаев) жоғары бағасын берді. Қазақстандық өнім «Өмір жетістіктері» аталымында ең жоғары марапатты - «Үздік көркем фильм» наградасын жеңіп алды.
null    

Нью-Йоркте «Анаға апарар жол» кинокартинасын тамашалаған АҚШ-тағы қазақстандықтар көз жасын жасыра алмады.

nullАйта кетейік, картина бұған дейін де әлемді мойындатқан болатын. Испания, Ресей, Хорватия кинофестивальдарында жоғары наградаларды жеңіп алды, көптеген елдерде сонда тұратын қазақстандықтар үшін әлі де қойылып жатыр. Кинода ананың шексіз мейірімі, туған жерге адалдық пен сүйіспеншілік жайлы сыр шертіледі.

WeLink-тің мақсаты - бүкіл әлемдегі киноөндірісшілердің басын қосып, бірлескен халықаралық жобаларды іске асыруға жағдай жасау.

nullКинофестиваль «Киноматографтағы әйелдер» тақырыбындағы форум аясында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық киноматографистер, соның ішінде белгілі қытайлық режиссер әрі Қытай киноматографистері одағының төрағасы Ли Цянькуань да қатысты.

Форумға БҰҰ бөлім төрағасы Раму Дамодаран басшылық етті.

null

Соңғы жаңалықтар